Жаңалықтар
Әуезов университеті студенттерінің жобасы өңірлік AI-хакатонда үздік деп танылды
- Қаралды: 15
Digital Qazaqstan 2026 аясында Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен «AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions» атты өңірлік AI-хакатон өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған байқау жас IT-мамандар мен жасанды интеллектке қызығушылығы жоғары студенттердің басын қосып, жаңа идеялар мен тың жобалардың алаңына айналды.
Хакатонға Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарынан 26 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар Industry 5.0 талаптарына сай инновациялық шешімдер ұсынып, креативті ойлау мен технологиялық дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар іріктелді. ЖеңімпаздардыШымкентте өтіп жатқан Digital Qazaqstan 2026 ұлттық форумында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова марапаттарды табыстады. Сонымен жеңімпаздарымыз:
І орын – Intellix командасы (М.Әуезов атындағы ОҚЗУ) Бағыты –« GovTech and SmartCity». Қатысушылар – Амангелді Ерасыл Төлегенұлы, Құтжан Ерасыл Асқарұлы, Тұран Алуа Мұханқызы.
ІІ орын – Cyber VR командасы (М.Әуезов атындағы ОҚЗУ). Бағыты – «Өнеркәсіп пен энергетикадағы жасанды интеллект».
ІІ орын – Delta командасы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ. Бағыты – «Білім берудегі жасанды интеллект»
ІІІ орын Gen Tech Minds командасы (М. Әуезов ОҚУ-нің Шыршық филиалы). Бағыты – «Өнеркәсіп пен энергетикадағы жасанды интеллект».
ІІІ орын – Galamat group командасы (Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы). Бағыты – «Білім берудегі жасанды интеллект»
ІІІ орын – Nova командасы (М.Әуезов атындағы ОҚЗУ). Бағыты – «Білім берудегі жасанды интеллект»
Креативке толы бұл алаңда қатысушылар қаладағы өзекті мәселелерді айқындап, сол бағытта ұсынған инновациялық жобалары арқылы бизнес өкілдері мен жұмыс берушілердің ерекше назарын аударғанын атап өткізім келеді.
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға белсенділігі, креативті идеялары мен батыл бастамалары үшін алғыс білдіреміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз