Жаңалықтар
Өнер мен ой тоғысқан көрме: «Философиялық толғаныс»
- Қаралды: 29
М. Әуезов атындағы ОҚУ-де КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер академиясының корреспондент мүшесі, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының профессоры Әнуарбек Айдосовтың «Философиялық толғаныс» атты көрмесі өтті.
Көрме суретшінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, оған белгілі суретшілер, замандастары, шәкірттері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев мерейтой иесінің шығармашылық және педагогикалық жолындағы жетістіктерін атап өтіп, университеттің Басқарма Төрағасы – ректор Дархан Ахмед-Закидің құттықтауын жеткізді. Кеш барысында суретшінің өмір жолы, өнердегі шығармашылық еңбегі мен бейнелеу өнерінің дамуына қосқан үлесі кеңінен аталып өтті.
Әнуарбек Айдосов – елімізде ғана емес, шетелде де танымал қылқалам шебері. Оның туындылары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде, Астана қаласындағы Ұлттық музейде, сондай-ақ Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларының өнер музейлерінде сақтаулы. Сонымен қатар суретшінің еңбектері Ресей мәдениет үйінде, АҚШ, Сеул, Гамбург қалаларындағы жеке коллекцияларда және Ташкент қаласындағы Өзбекстан өнері музейінің қорында да бар.
Ұлағатты ұстаз ретінде ол көптеген талантты шәкірт тәрбиелеп, олардың өнер мен педагогика саласында табысты еңбек етуіне жол ашты. Әнуарбек Айдосов – бірнеше оқу-әдістемелік құралдар мен бір оқулықтың авторы.
Ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына толағай үлес қосқан Әнуарбек Айдосовты университет ұжымы атынан мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз