Жаңалықтар
«Бірлік пен дәстүр тоғысқан Шаңырақ күні»
- Қаралды: 9
17 наурыз – Наурызнама аясындағы ерекше күндердің бірі – «Шаңырақ» күні. Бұл күн – отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және бірлікті дәріптейтін, терең мағыналы мереке. Атаулы күнге орай Филология факультетінің «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Алтын шаңырақ, күміс кереге» атты мазмұнды да тағылымды мәдени іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Мерекелік жиынға қатысқан Басқарма мүшесі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Гүлнара Карбозова барша қауымды шын жүректен құттықтап, «Шаңырақ» күнінің мән-маңызына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде шаңырақтың тек баспана емес, тұтастықтың, татулықтың, ұлттың рухани тірегінің символы екенін ерекше атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасы, шаңырақтың киелі мәні, ата-бабадан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер мен олардың тәрбиелік маңызы жайында ой бөлісті. Ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы құндылықтарының қоғамдағы орны кеңінен насихатталды.
Ақ жаулықты аналарымыз ежелден келе жатқан «шашу» шашу дәстүрін жаңғыртса, өнерлі жастар халық әндерін әуелете шырқап, ұлттық рухты асқақтатты. Білім алушы шетелдік студенттеріміз де белсенділік танытып, ұлттық әндерін орындап, би биледі.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен отбасы мәдениетінің маңызын кеңінен насихаттау, сондай-ақ студенттер арасында бірлік пен рухани байланысты нығайту болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз