Жаңалықтар
Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр ұлықталды
- Қаралды: 7
Бүгін Наурызнама онкүндігі аясындағы үшінші күн – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасын, бірегей әдет-ғұрпы мен ұлттық құндылықтарын ұлықтап, дәріптеуге арналған. Осынау мерейлі мерекені М. Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы да жоғары деңгейде атап өтті. Ұйымдастырушы - «Мәдениет және өнер», «Филология» факультеттері.
Университет фойесінде ұлттық киімдерімен ажары ашылған бойжеткендер мен бозбалалар мың бұрала би билеп, көрермен назарына ұлттық рухқа толы әсерлі сахналық көріністер ұсынды. Күмбірлеген домбыра үнімен жыр төгіліп, қазақтың төл өнері – айтыс та қызды.
Қонақтарға ұлттық дәм ұсынылып, қазақы қонақжайлылықты көрсетті.
Биылғы мерекенің басты жаңалығы – дәстүр мен заманауи технологияның үндесуі немесе «Digital Nauryz» рухы болды. Бұл – ұлттық құндылықтардың жаңа дәуірмен үйлесім тауып, жаңғыра түскендігінің айқын көрінісі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз