«Ұлттық киімдер шеруі»: Ұлттық рух пен сән тоғысқан күн

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Ұлттық киім» күніне орай ерекше іс-шара өтті. Ұлттық киімдер шеруінде 100-ге жуық ару қыздар сән көрсетілімін көрсетті. Алдымен университет ғимаратынан шыққан қыздар Арбат алаңына дейін жаяу жүріп, көпшіліктің назарын өздеріне аударды. Көшедегі бұл көрініс нағыз ұлттық сән мен мәдениеттің мерекесіне айналды.
Іс-шараға университеттің «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Медеубек Тәңірбергенов пен Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасы басшысы Азамат Парманов қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Олар Наурызнаманың маңызына тоқталып, ұлттық құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орнын ерекше атап өтті.
– Бүгінгі мерекенің басты мақсаты – асыл мұрамызды дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және тарихи сананы жаңғырту. Қазіргі таңда ұлттық киімдер тек мерекелік сән емес, заманауи үлгіде жаңғырып, күнделікті өмірге батыл еніп келеді. Әуезов университетінде жұма сайын ұлттық киім кию дәстүрге айналған. Бүгінгі шеруде ұсынылған топтамалар «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының талантты студенттерінің еңбегі. Олар дәстүр мен жаңашылдықты шебер үйлестіріп, ерекше дүниелер ұсынды, – деді Медеубек Тәңірбергенов.
Сән көрсетілімінде ұсынылған «Бәйшешек», «Қызғалдақ», «Ханшайым», «Үкілі», «Жан нұры», «Ұлттық ритм», «Жаңғырық», «Көктем нұры», «Деним», «Көшпенді шик», «Замша көркі», «Тұнған тамырдан тамған таңғажайып», «Өрнек сыры» топтамалары көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос