Ерекше өткен «Digital Nauryz»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Digital Nauryz» аясында Наурыз мерекесі биыл ерекше форматта ұйымдастырылды. Мерекеге арнайы қонағымыз Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев, ардагер-ұстаздарымыз, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Ұлттық рухты асқақтатқан бұл мереке «Кимешек шеруі» атты тағылымы терең, әсерлі іс-шарамен бастау алды. Дәстүр мен жаңашылдықты үйлестірген көркем көріністе 100 ана кимешек киіп, бір мезетте халықтың сүйікті әні «Сәулем-ай»-ды әуелете шырқап, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Мерекелік жиында университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки құттықтау сөз сөйлеп, Наурыздың мәні мен маңызына тоқталды. Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің өнері мерекенің ажарын аша түсті. Ұлттық салт-дәстүрлер де назардан тыс қалмады. Көрермендерге «Бесікке салу» және «Тұсау кесу» рәсімдері ұсынылып, қазақ халқының бай мұрасы кеңінен насихатталды. Әр факультет, жоғары мектеп және колледж ұжымдарынан құралған командалар, сондай-ақ жеке қатысушылар ләңгі тебу, гір көтеру және арқан тартыс сынды спорт түрлерінен өзара бақ сынады.
Ұлттық нақышпен көмкерілген киіз үйлер, тербелген алтыбақан, наурызкөже қайнаған қазандар – барлығы өзара үйлесім тауып, мерекенің көркін арттыра түсті. Осылайша, дәстүр мен шаттыққа толы Наурыз думаны ерекше әсермен өтті.
Барша ұжымды Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос