«Кітап шеруі» – жаңа білімге бастар жол

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ақпараттық білім беру орталығының №1 оқу залында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттеріне арналған «Кітап шеруі» атты жаңа кітаптар көрмесі өтті.
Іс-шара аясында орталықтың кітап қорына 2023–2025 жылдар аралығында түскен жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар мен журналдар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің негізгі мақсаты – білім алушыларды пәндер бойынша қажетті әдебиеттермен таныстыру, оқу сапасын арттыруға ықпал ету, сондай-ақ кітапхана қызметтері мен мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау.
Ашық есік күні форматында өткен шара қатысушыларға кітап қорының жаңартылуымен танысып қана қоймай, оқу үдерісінде тиімді пайдалануға болатын ресурстар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос