Болашақ биотехнологтар Алматыда өндірістік тәжірибе жинақтады

М. Әуезов атындағы ОҚУ «Биотехнология» кафедрасының 6В05120 – Биотехнология білім беру бағдарламасының ХТ-23-5дк тобының студенттері Алматы қаласындағы Генетика және физиология институты ғылыми-зерттеу институтының базасында өндірістік практикадан өтті. Практика 2026 жылдың 12–16 қаңтары аралығында ұйымдастырылып, жетекшісі – Гулжайна Байгонысовна Алпамысова болды.
Практика барысында студенттер молекулалық биология және генетика саласындағы зертханалық жұмыстармен танысып, заманауи ғылыми әдістерді меңгеруге мүмкіндік алды. Әр студент өздері таңдаған өсімдік үлгілерінен ДНҚ бөліп алу жұмыстарын жүргізді.
Аталған практика студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, болашақ биотехнолог мамандарының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырып, кәсіби біліктілігін шыңдауға ықпал етті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос