Жаңалықтар
«Заң мен тәртіп: Әділеттіліктің негізі» атты Ашық есік күні
- Қаралды: 20
Әуезов университетінде 2026 жылғы 17 наурыз күні «Тоқыма және тамақ инженериясы» факультетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында «Заң мен тәртіп: Әділеттіліктің негізі» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға ЖТ-25-9к және ЖТ-25-7к топтарының студенттері, кафедраның аға тәлімгері И.Р. Садырбаева, топ тәлімгерлері Ж.Қ. Көбеева мен Г.Қ. Мұхтарова, сондай-ақ оқытушылар мен қонақтар қатысты.
Шымкент қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, полковник Тұрғынбай Даурен Бөрібайұлы «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында баяндама жасап, қатысушыларға құқық пен тәртіптің қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, әділеттілік қағидалары практикалық мысалдар арқылы талқыланды.
Іс-шара нәтижесінде студенттер өздерінің құқықтық білімдерін кеңейтіп, заңға деген құрмет пен жауапкершіліктің маңызын тереңірек түсінді.




