Педагогтік қайта даярлау курсының тыңдаушылары оқуларын сәтті аяқтады

Университеттімізде педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін тұлғаларға арналған Педагогтік қайта даярлау курсының 54 тыңдаушысы оқуларын сәтті аяқтап, кезекті рет сертификаттарға ие болды.
Қосымша білім беру орталығы Педагогикалық кадрларды қайта даярлау курстарын ҚР БжҒМ 2020 жылғы №110 бұйрығының негізінде ұйымдастырып келеді. Курсқа педагогикалық емес жоғары білімі бар азаматтар, мамандығының бейініне сәйкес келетін 13 білім беру бағыттары бойынша қабылданады. Алғашқы түлектер 2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығынан қабылданды.
Оқу түрі күндізгі форматта ұйымдастырылған. Бұл орайда бейіндік кафедралармен жұмыс бірлесіп атқарылады. Кафедралардың білікті профессор-оқытушылар құрамы курс жұмысына белсенді тартылып, оқу сабақтарының сапалы өтуіне өз үлестерін қосуда.
Аталған уақыттан қазіргі таңға дейін, педагогтік қайта даярлау курстарын барлығы 189 тыңдаушы бітіріп, мамандықтары бойынша орта білім беру саласына өз үлестерін қосуда.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос