Жас ғалымдар Путра университетінде академиялық тағылымдамадан өтуде

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Биотехнология кафедрасының 8D05120 – «Агроөнеркәсіп саласындағы биотехнологиялық аспектілері» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары Арайлым Ергеш және Мөлдір Алданышова 2026 жылдың 16 ақпан – 16 наурыз аралығында академиялық тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама Universiti Putra Malaysia (Малайзиядағы жетекші ғылыми-зерттеу университеттерінің бірі) базасында ұйымдастырылып, профессор Мат Назми жетекшілігімен жүзеге асырылуда.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп саласындағы биотехнология бағытында ғылыми зерттеулерді жетілдіру, халықаралық ғылыми тәжірибе алмасу, заманауи зертханалық әдістермен танысу және бірлескен ғылыми жобаларды дамыту.
Бұл тағылымдама докторанттардың ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға және болашақта агробиотехнология саласының дамуына үлес қосатын жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Докторанттарға ғылыми ізденістерінде табыс, жаңа жетістіктер және сәтті тағылымдама тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос