Жаңалықтар
Әуезов университетінде нәзік жандыларға арналған салтанатты кеш өтті
- Қаралды: 28
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ерекше салтанатты кеш ұйымдастырылды. Университеттің барша нәзік жандылары құрмет пен қошеметке ие болып, шаттық пен жылы лебізге толы әсерлі кештің куәсі болды. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы құттықтауымен басталды.
Кештің көркін университеттің жігіттер қауымы дайындаған әзіл мен жылылыққа толы бейнеролик аша түсті. Көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлаған бұл шағын туынды залда отырған арулардың жүздеріне күлкі ұялатты.
Одан кейін сахна төріне университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Дархан Ахмед Заки көтеріліп, барша аруларды мерекемен шын жүректен құттықтады. Ол әйел қауымының қоғамдағы, білім мен ғылымдағы ерекше орнын атап өтіп, сұлулықтың символы саналатын аруларға толағай табыс, шығармашылық шабыт және отбасы амандығын тіледі.
Мерекелік кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – марапаттау рәсімі болды. Университеттің үздік әйел қызметкерлері «М. Әуезов» төсбелгісімен, ректордың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кештің көркін одан әрі әсем ән мен мың бұралған би толықтырды. Өнерлі жастардың орындауындағы шығармалар мерекелік көңіл-күйді еселеп, сахнадан шаттық пен шабыттың шуағы тарады.
Іс-шара соңында университеттің жігіттері барша нәзік жандыларға гүл шоқтарын тарту етіп, көктем мерекесінің көркін одан әрі айшықтай түсті.
Жылулыққа, құрметке және әсем сәттерге толы бұл мереке университет ұжымының бірлігін көрсетіп, аруларға ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз