«Шабыт шақырған көктем»: Әдебиет пен журналистика тоғысқан рухани кеш

Әуезов университетінде көктемнің шуағымен үндескен ерекше рухани кеш өтті. «Шабыт шақырған көктем» атты бұл кездесу сырға толы әңгімелерімен, жырға толы сәттерімен қатысушылардың жүрегіне жылулық сыйлады.
Оңтүстік өңіріндегі журналистика мен әдебиет саласында өз қолтаңбасын қалыптастырған, қаламы қарымды, шығармашылығы шыңдалған қыз-келіншектер университетке арнайы келді. Халықаралық, республикалық және жергілікті телеарналарда, баспа басылымдары мен интернет-порталдарда жемісті еңбек етіп жүрген журналистер мен ақын-жазушылар студенттермен жүздесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев сөз алып, мұндай тағылымды басқосудың маңызына тоқталды. Ол университетпен әрдайым тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген БАҚ өкілдеріне алғыс білдіріп, алда келе жатқан мерекемен құттықтады.
Іс-шараны ұйымдастырушы, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Ғалымжан Елшібай да университет басшылығына ризашылығын жеткізіп, жастарды белсенді болуға, өз арман-мақсаттарына сеніммен қадам басуға шақырды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл кеш ерекше форматта өтті. Қонақтар университеттің болашақ филологтары мен «Журналистика» мамандығында білім алып жүрген студенттермен еркін сұхбат құрып, кәсіби жолдағы тәжірибелері мен өмірлік сабақтарын бөлісті. Әйелдің интеллектуалдық еркіндігі, қоғамдағы гендерлік стереотиптер, тіл тазалығы, медиа мен әдебиеттің жауапкершілігі сынды өзекті мәселелер талқыланды. Студенттер үшін бұл кездесу теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын тағылымды алаңға айналды. Олар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіби ортада шыңдалған арулардан құнды кеңестер алды.
Ал қорытынды бөлімде факультеттің өнерлі студенттері өз шығармаларын оқып, жүрекжарды арнауларын тарту етті.
Жылы әңгімелер мен терең ойларға толы кездесу жастардың жігерін жандырғаны анық.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос