Студенттердің қаржылық білімін арттыруға бағытталған кездесу өтті

2026 жылдың 25 ақпанында сағат 14:00 А ғимаратының 127 аудиториясында  «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің қатысуымен 6В06130 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету,  6В06150 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік білім беру бағдарламаларының 1-3 студенттері үшін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының аға оқытушылары: Г.Ермекбаева, С.Мелдебекова, Л.Шаймерденова және А.Баймусаева ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық – табысты болашақтың негізі» тақырыбында ашық тәлімгер сағаты өтті. Іс-шараны кафедра меңгерушісі Ахметова С.Т. ашты. Іс-шараға қатысқан қонақтар:

  1. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Аталықова Сымбат Тілеутайқызы
  2. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Алимбеков Асқар Тұрдымұратұлы
  3. Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің подполковнигі Искаков Аслан Бақытұлы
  4. Кәсіпкер, қаржы кеңесшісі, PhD доктор Тулегенова Бибигуль Арипбаевна

Іс-шарада 152 студент қатысқан сауалнама негізіндегі кең талдау келтірілді,  қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша ұсыныстар берілді.

Тәлімгерлік сағаттың алғашқы бөлімінде ИП-24-1к1, 1к2 топтарының тәлімгері Ермекбаева Г.Ы. қаржылық сауаттылық бойынша кіріспе сөз алып, қаржылық сауатты адам өз кірісі мен шығысын есептеп, бюджетін жоспарлап, тәуекелдерді бағалай алатындығын, қаржылық сауаттылық – тек ақша үнемдеу емес, ол дұрыс шешім қабылдау мәдениеті екендігін атап өтті. Келесі бөлімде студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша тест түрінде алынған сауалнама нәтижесі бойынша ИП-24-6к1, 6тк топтарының тәлімгері Мелдебекова С.Қ. білім алушылардың қаншалықты қаржылық сауатты екендігіне талдау жасады. Әрі қарай  Аталықова С. Т. қаржы нарығын реттеу және дамыту саласымен таныстырып, студенттерге блиц сұрақтар негізінде ойын өткізді.  Алимбеков А.Т. алаяқтық жағдайларының түрлері мен оларға қатысты статитикалық мәліметтер келтіріп, қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын атап берді. Искаков А.Б. экономикалық қылмыстар және жастардың жауапкершілігі жайлы ақпарат берді. Тулегенова Б.А. «кіріс > шығыс» моделіне жетудің нақты жолдарын ұсынды. ИП-23-6к1, 6к2 топтарының тәлімгері Баймусаева А.Б. берілген мәліметтерді қорытындылау мақсатында «Қаржылық қатені тап» ойынын өткізді, нәтижесінде студенттер арасында жиі кездесетін қателерге талдау жасалды. 

Университет деңгейінде өткізілген ашық тәлімгер сағаты студенттердің қаржылық мәдениетін арттыруға, саналы қаржылық шешім қабылдау дағдыларын дамытуға және болашақта қаржылық тұрақтылыққа ұмтылуына оң әсерін тигізді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос