Жаңалықтар
Әлеуметтік жауапкершілік – басты назарда
- Қаралды: 9
Әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында “Әлеуметтік жұмыс” мамандығының оқытушысы Жақсылықова Диана Манасқызы студенттермен бірге “Отбасын қолдау орталығында” іс-шараға белсене қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Іс-шараға «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры А.Қалымбет, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Г.Г.Нусерова, Шымкент ҚПД ЖПҚБ отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Д.А.Сахибекова және зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері, Шымкент қаласы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу бөлім басшысы Дина Ботан, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Н.Алимкулов, Шымкент қаласы әділет департаментінің АХАЖ саласының маманы Н.К.Ельтаева, Шымкент қаласы білім басқармасының «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» КММ бөлім басшысы М. Деканбаева және Э.Жунисова , Тұран ауданы әкімінің аппараты Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас инспекторы А.А.Зайнулаева және М.О.Анламасов, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау корсету бөлімінің бас маманы Н.П.Марат қатысты.
Қазақстанда бұл акция жыл сайын мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар және отбасын қолдау орталықтары арқылы ұйымдастырылады. Мақсаты
• Зорлық-зомбылықтың алдын алу
• Қоғамның назарын мәселенің өзектілігіне аудару
• Отбасы құндылықтарын насихаттау
• Жәбірленушілерге қолдау көрсету
Қазақстанда бұл акция жыл сайын мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар және отбасын қолдау орталықтары арқылы ұйымдастырылады. Мақсаты
• Зорлық-зомбылықтың алдын алу
• Қоғамның назарын мәселенің өзектілігіне аудару
• Отбасы құндылықтарын насихаттау
• Жәбірленушілерге қолдау көрсету
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз



