«Жүректен жүрекке» - қарияларға қуаныш сыйлады

24 ақпан күні Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң факультеті, Саясаттану кафедрасы, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері мен оқытушылары Жақсылықова Диана Манасқызы, Зәкіртай Ұлжан Нұрланқызы, Толегенова Кулзия Калдыбековна, Абатбек Асель Абатбекқызы, Зәкіртай Ұлжан Нұрланқызы ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық кеші өткізілді.
Шараның басты мақсаты – қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ізгі ниет пен шынайы ықылас білдіру болды. Кеш барысында студент жастар белсенділік көрсетіп, шығармашылық өнерлерін ортаға салды, жылы лебіздерін арнап, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара мазмұнды бағдарламасымен, әсерлі сәттерімен және шынайы эмоцияларымен есте қалды. Студенттер ұйымшылдық танытып, әрбір қатысушының көңілінен шығуға тырысып, кештің жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос