«BesAspap» жас өнерпаздар клубы: 1 жылдық белес

Әуезов университетінде ерекше өнерге толы, жүрекке жылу сыйлаған жарқын кеш өтті. Жастар орталығына қарасты «BesAspap» жас өнерпаздар клубының ұйымдастыруымен «Алғашқы аялдама» атты 1 жылдық есеп беру кеші өтті. Мәдени іс-шара жай ғана концерт емес, бір жылдың еңбегі мен ізденісінің, шабыт пен достықтың шынайы мерекесіне айналды.
Кеш барысында сахнада күмбірлеген күй, әуелеген әуен, жанды дауыста орындалған әсем әндер көрерменнің жүрегіне жол тапты. Әрбір өнерпаздың көзіндегі от, жүрегіндегі толқу, сахнадағы еркіндік – нағыз жастар энергиясын, шынайы вайбты көрсетті.
Жастардың өнеріне қолдау білдіру мақсатында қаламыздағы бірнеше жоғары оқу орнының студенттері және түрлі ұйым жетекшілері арнайы келіп, концерт тамашалады.
«BesAspap» – тек клуб емес, бұл – таланттар алаңы, бір-біріне тірек болатын шығармашылық орта. Ұйым талай таланттың шамын жағып, көптеген жастың жүрегіндегі өнерге деген сенімді оята білді. Бір жыл ішінде клуб мүшелері түрлі мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, университеттің қоғамдық өміріне сүбелі үлес қосты. Олар өнер арқылы достықты, бірлікті және рухани құндылықтарды насихаттап келеді.
Еске салсақ, 2024 жылдың 24 желтоқсанында Жастар орталығы жанынан құрылған бұл ұйым Шымкент қаласы бойынша алғашқы өнер ұйымы болып бекітілді.
Кеш соңында марапаттау рәсімі өтті. Жастар орталығының директоры Ерасыл Анарханұлы ұйымның құрылуы мен даму жолында еңбек сіңірген белсенді студенттерге алғыс хаттар табысталды. Қаласық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жұман Жансерік жастарға өзінің ізгі тілегін білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады.
Осындай бастамалар студент жастардың жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға зор мүмкіндік береді.
“Алғашқы аялдама” – бұл финал емес, бұл – жаңа белестерге бастар жолдың басы. Алда әлі талай сахна, талай қошемет, талай жетістік бар.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос