«Өрт қауіпсіздігі және өрт-техникалық минимум» оқу курсы өтті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Өрт қауіпсіздігі және өрт-техникалық минимум» тақырыбында оқу курсы өтті. Іс-шара ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы және ҚР ТЖМ-нің 21.02.2022 ж. №55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ұйымдастырылды.
Сабаққа университеттің жауапты қызметкерлері қатысып, өрттің алдын алу шаралары, эвакуациялау тәртібі, ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі нормалары және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша білім алды.
Оқытуды «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ЖШС-ның маманы, лектор Нұрғали Сабырханұлы жүргізіп, теориялық бөліммен қатар практикалық түсіндіру жұмыстарында өрт сөндіргіш құралдарды қолдану тәсілдерін көрсетті.
Аталған оқу курсы үш жылда бір рет өткізіледі. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы куәліктер табысталады.
Іс-шара қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін жетілдіруге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және оқу орны аумағында қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос