Жаңалықтар
Жалпыұлттық коалиция өкілдері студенттермен кездесті
- Қаралды: 40
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Мемлекеттің болашақ бағдарын айқындайтын бұл кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Данабек Исабек, Болатбек Нажметдинұлы, Нұрсұлтан Байтілесов, Ауыл партиясы атынан Қарақат Әбден, Шымкент қалалық коалиция басшысы Мұрат Жолдыхожаев, Шымкент қалалық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ғани Қарабеков, Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты Асқар Молдабек қатысты.
Іс-шара барысында коалиция мүшелері Конституцияның жаңа жобасының мазмұнына тоқталып, негізгі бағыттары мен өзгерістерін түсіндірді. Атап айтқанда, құжатта адам құқықтары мен бостандықтарына басымдық берілетіні, цифрлық қауіпсіздік мәселесі мемлекеттік деңгейде нақты бекітілетіні, билік құрылымындағы өзгерістер және теңгенің ұлттық валюта ретіндегі мәртебесінің айқын көрсетілгені айтылды.
Сондай-ақ, спикерлер 15 наурызда өтетін референдумның ел дамуы үшін маңызды саяси қадам екенін атап өтіп, азаматтардың бұл үдеріске белсенді қатысуы қоғамның болашағына тікелей әсер ететінін жеткізді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз