Адам бойындағы мейірімділік – жүректің асыл қасиеті

М. Әуезов атындағы ОҚУ ұжымы қашанда қайырымды істердің бел ортасында жүріп, игі бастамаларды қолдауды дәстүрге айналдырған. Университеттің «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының атсалысуымен, аға оқытушылар А.Т.Бердембетова және А.Ж.Шиналиева ұйымдастыруымен және «Полуфабрикаты-Шымкент» жеке кәсіпкері Н. Укибасованың қолдауымен Арыс қаласындағы балалар үйіне қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шараға кафедра меңгерушісі Ж.С.Желеуова., аға тәлімгер И.Р. Садырбаева, 4 курс ЖТ-22-9а және 2 курс ЖТ-24-9тк топтарының студенттері белсене қатысты. Олар тәрбиеленушілерге қажетті тұрмыстық заттар мен түрлі сыйлықтар табыстап, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалармен түрлі ойындар ұйымдастырып, еркін форматта сұхбат құрды. Жылы қарым-қатынас пен шынайы жүздесу балалардың жүрегіне қуаныш ұялатты.
Бұл қайырымдылық іс-шарасы болашақ мамандардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, мейірімділік пен жанашырлық сияқты адами құндылықтарды нығайтуға бағытталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос