Жаңалықтар
Ардахан университетінің профессоры студенттерге дәріс оқуда
- Қаралды: 39
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Филология» факультетінің «Журналистика және қазақ тілі» және «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедраларына «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту» бағдарламасы шеңберінде 2026 жылғы 14–26 ақпан аралығында Түркия Республикасының Ардахан университетінің «Адамзаттық ғылымдар және әдебиет факультеті» профессоры Мустафа Шенел арнайы іссапармен университетте болады.
Профессор филология факультетінің студенттеріне дәріс оқып, семинар өткізіп және ғылыми-әдістемелік кеңес береді. Сонымен қатар ғылыми жобаларға жетекшілік жасап, түркітану және тіл білімі саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, білім алушылардың кәсіби деңгейін арттыруға үлес қосады.
Аталған ынтымақтастық студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтеді, халықаралық тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз