Жаңалықтар
«Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты рухани кеш өтті
- Қаралды: 103
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шара Сәулет, құрылыс және көлік факультетіне қарасты «Техникалық мамандықтарға арналған орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Гульназ Парменкулованың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Кеш бағдарламасы TED-style ой бөлісу, поэзиядағы сырлас жүректер, ашық микрофон сынды мазмұнды бөлімдерден тұрды.
СМ-25-5к1 тобының студенттері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өмірі мен туындыларынан сахналық қойылымдар көрсетті, сонымен қатар күмбірлеген күй тартылып, әсем ән мен би орындалды. Өздері шығарған арнауларын оқып, шығармашылық құрметін білдірді.
Ақпараттық білім беру орталығының қолдауымен өткен рухани кеш жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз