Әуезов университетінде заманауи газобетон өндірісі зауыты іске қосылды

Әуезов университетінде заманауи газобетон өндірісі зауыты ресми түрде пайдалануға берілді. Зауыт Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының индустриялық аймағында орналасқан. Аталған маңызды жоба – ғылым, өндіріс және бизнестің өзара ықпалдастығының жарқын үлгісі. Бұл өндірістік нысан еліміздің құрылыс индустриясын дамытуға және өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Атап өту керек, өндірістік кешен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті құрамында ашылып отыр.
Зауыттың ашылу салтанатына университеттің ғылыми қауымдастығы, техника саласының өкілдері, Қазығұрт ауданының әкімі, инвесторлар мен сала ардагерлері, сондай-ақ студент жастар қатысты.
Салтанатты рәсімде сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Заки: «Бұл жоба – өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа өндірістік мәдениетті қалыптастыратын маңызды қадам», Баршаңызға мәлім, ғылым мен білім парадигмасы қашанда өзекті. Бұл тек сөз жүзінде ғана емес, енді Жаңа Конституцияда айқындалып, мықтап шегеленді. Жаңа Конституция жобасында 23-баптың 1-тармағында: «Сөз еркіндігіне, ғылыми, техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне кепiлдiк берiледi», деп нақты көрсетілген. Міне, осындай саяси жаңғырудың арқасында осындай ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Бүгінгі өндірістік кешен алдағы уақытта ел өркендеуіне айрықша үлесін қосады, - деп атап өтті.
Сонымен қатар зауыттың салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз алған Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов пен инвестор компания басшысы Байғали Төлепбергенов газобетон өндіріс кешенінің маңызына тоқталып, университет ұжымына алғыстарын білдірді. Зауыт кешенінің ашылу барысында Әуезов университеті инвесторлармен және құрылыс компанияларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қой қойылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос