Бейнелеу өнері мен дизайн саласында кәсіби тәжірибе алмасуға арналған халықаралық конференция өтті

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Өнер және жасанды интеллект: заманауи мәдениеттің визуальды жаңа парадигмасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция бейнелеу өнері мен дизайн саласында кәсіби тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін ұсыну, шығармашылық пен білім берудің болашақ даму бағыттарын анықтауға, сондай-ақ п.ғ.д., ҚПҒА және ХПББҒА академигі, Дизайнерлердің Қазақстандық одағы мен ҚР Суретшілер одағының мүшесі Садыбек Бейсенбаевтың педагогика, өнер және дизайн салаларында қосқан ғылыми-шығармашылық үлесін насихатауға бағыттылды.
Конференцияға Қазақстандағы танымал суретшілер, дизайн саласының өкілдері, еліміздегі ЖОО өкілдері, сонымен қатар Ресей, Өзбекстанның жетекші оқу орындарының беделді ғалымдары қатысты.
Алғаш сөз алған академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Имангалиев Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан-Ахмед Закидің мерейтойлық құттықтауын жеткізіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Онлайн байланысқа шыққан мемлекеттік оқу ағарту университетінің «Сурет және кескіндеме» кафедрасының профессоры С. Аманжолов; Ресей білім академиясының академигі, Ресей Өнер академиясының құрметті академигі, профессор, Ломов С.П.(Ресей); Ресей халықтар достығы университетінің тұрақты даму орталығының директоры Жукова М.Е; Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Игнатьев С.Е; Ресей Суретшілер Одағының мүшесі, костюм дизайны институтының директоры Гамаюнов П.П., Ресей Өнер академиясының корреспондент-мүшесі, п.ғ.к., доцент, Ресей дизайнерлер Одағының мүшесі Пустозерова О.В. конференцияның маңыздылығына тоқталып, С.Калмаханұлының ғылымға қосқан еңбектерін атап өтті.
Ғылыми басқосуда Садыбек Қалмаханұлының ұстазы Ломакин Юрий Ивановичке арнаған «Суретші-педагог Юрий Ломакин» монографиясының тұсауы кесілді.
Ертең өтетін секциялық отырыстарда өнер педагогикасы және білім берудегі инновациялар, дизайн мен бейнелеу өнері және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ өнертану, мәдени мұра және рухани құндылықтар тақырыптары аясында өзекті мәселелер талқыланады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос