«Қылқалам құдыреті»: Жас таланттар танылған күн

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері арасында «Қылқалам құдіреті» атты жас суретшілердің байқауы қорытындыланды. Байқау ұстаз-ғалым, п.ғ.д., Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Дизайнерлер одағы мен ҚР Суретшілер одағының мүшесі, университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлының 60 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – факультеттің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы.
Байқаудың мақсаты — бейнелеу өнері мен дизайн саласында ерекше қабілеті бар дарынды жастарды айқындау және олардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі танытуына жол ашу, болашақ суретшілер мен дизайнерлердің шығармашылық ізденістеріне серпін беріп, олардың заманауи техникалар мен дәстүрлі кескіндеме әдістерін меңгеру деңгейін көтеру.
Шығармашылық додада студенттер графика, кескіндеме, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер және сән дизайны бағыттары бойынша өз туындыларын ұсынды. Қатысушылардың жұмыстары мазмұн тереңдігімен, көркемдік шешімімен және заманауи ізденіспен ерекшеленді. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың идеялық мазмұнына, композициялық құрылымына, техникалық орындалуына және көркемдік деңгейіне баса назар аударды. Қорытындысында лайық деп танылды.
«Кескіндеме» бойынша 1-ші орын иегері: «Жаңбырлы кеш» туындысымен МӨ-23-13к3 тобыны студенті Елмұрат Мырзахан (жетекшісі Майра Байтас);
«Графика» бойынша 1-ші орын иегері: «Серия» туындысымен МӨ-24-12р тобының студенті Қуаныш Ешмурза (жетекшісі Талғат Оспанов);
«Сәндік-қолданбалы өнер» бойынша 1-ші орын иегері: «Тұмар» туындысымен МӨ-24-18к тобының студенті Бибінұр Туякбай (жетекшісі: Дархан Оспанов);
«Сән дизайны» бойынша 1-ші орын иегері: «Тұнық тамырдан тамған таңғажайып» киім топтамасымен МӨ-21-13к3 тобының студенті Улжан Абудуллаева (жетекшісі: Жайна Доскараева) атанды.
Қатысушылардың туындыларына жоғары бағасын берген Садыбек Қалмаханұлы жеңімпаздарға өз атынан қаржылай сертификат табыстады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос