Жаңалықтар
Әуезов ғалымдарының әлемде рейтингі жоғары халықаралық журналда ғылыми еңбектері жарияланд
- Қаралды: 13
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің жетекші ғалымы, «Жаратылыстану-техникалық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институтының «Машина жасау мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері Жаңабай Нұрлан Жаңабайұлын, сондай-ақ оның ғылыми мектебін, оның ішінде докторанттарын, Web of Science деректер базасына сәйкес Q1 және Q2 квартильдеріне жататын Results in Engineering, Computer Modeling in Engineering & Sciences және Buildings атты жоғары рейтингті халықаралық ғылыми журналдарда ғылыми еңбектері жарияланды.
Аталған ғылыми мақалалардың барлығы соңғы үш ай ішінде жарық көргенін ерекше атап өткіміз келеді. Бұл Жаңабай Нұрлан Жаңабайұлы жетекшілік ететін ғылыми мектептің жоғары ғылыми белсенділігін, нәтижелілігін және тұрақты дамуын айқын көрсетеді.
Ғылыми еңбектер Elsevier, Tech Science Press және MDPI сияқты жетекші халықаралық баспаларда докторанттармен, Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдарымен, сондай-ақ QS әлемдік рейтингінің ТОП-500 қатарына кіретін шетелдік университеттердің зерттеушілерімен бірлескен авторлықта жарияланған.
Барлық жарияланған ғылыми жұмыстар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық жобалар аясында Жаңабай Нұрлан Жаңабайұлының ғылыми жетекшілігімен орындалғанын атап өткен жөн:
АР19680589 — «Магистральдық газ құбырларының ұзын бойлық лавиналық бұзылуға төзімділігінің ғылыми негіздерін әзірлеу» (2023–2025 жж.).
AP22782896 — «Қазақстан өңірлері жағдайында динамикалық әсерлерді ескере отырып, ғимараттардың энергия тиімді сыртқы қабырғалық конструкцияларын әзірлеу» (2024–2026 жж.).
AP23486892 — «Қазақстанның ыстық климаттық жағдайында ғимараттардың қабырғалық қоршау конструкцияларындағы ауа қабаттарында күн радиациясының жылуфизикалық үдерістерге әсерінің ғылыми негіздерін әзірлеу» (2024–2026 жж.).
Нұрлан Жаңабайұлына жаңа ғылыми жетістіктер мен халықаралық жобаларда табыс тілейміз. Университеттің әлемдік ғылыми кеңістіктегі ұстанымын нығайтудағы еңбегіңіз жана берсін! Жоғары білікті кадрлар даярлау мен отандық ғылымды дамыту жолындағы асуларыңыз биік болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз