Жаңалықтар
«Өмірі өнеге, еңбегі елге» – ұстазға арналған рухани кеш
- Қаралды: 15
Мерейлі мереке! Әуезов университетінде ұстаз мәртебесін асқақтатып, өнер мен білімді сабақтастыра білген тұлғаға арналған тағылымы терең кеш өтті. Талай шәкірттің шамшырағына айналған ардақты ұстаз, п.ғ.д., Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Дизайнерлер одағы мен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлының 60 жылдық мерейтойына орай «Өмірі өнеге, еңбегі елге» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мерейтой иесінің өмір жолы мен шығармашылық болмысын арқау еткен кеште «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Медеубек Тәңірбергенов сөз алып, Садыбек Қалмаханұлымен бірге өткерген жарқын сәттерді тебірене еске алды. Ол мерейтой иесінің шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен биік адами болмысын ықыласпен баяндады.
Аталмыш факультетке қарасты кафедра меңгерушілері де құрмет көрсетіп, мерейтой иесіне жүрекжарды лебіздері мен ақжарма тілектерін арнады.
Кеш мазмұны өнермен өріліп, шынайы ықылас пен құрметтің айқын көрінісіне айналды. Факультет студенттері түрлі музыкалық аспаптарда өнер көрсетіп, әсем ән мен күмбірлеген күй арқылы ұстазға деген алғысын жеткізді. Әрбір әуен мен әрбір орындау шәкірт жүрегіндегі шексіз құрметтің үнсіз сыры іспетті әсер қалдырды.
Кездесу аясында студенттер мерейтой иесіне сұрақтарын қойып, мазмұнды әрі ашық диалог өрбіді. Садыбек Қалмаханұлы жастық шағындағы қызықты оқиғаларын баяндап, өнер әлеміндегі ізденіске толы, табандылықпен өрілген жолын шынайы әңгімеледі.
Ұстаз жастарға өмірлік бағдар болар тағылымды ойларымен бөлісіп, ата-ананың орны мен тәрбиенің мәнін ерекше атап өтті.
Бұл кеш – құрмет пен ризашылыққа толы, ұрпақ сабақтастығын жалғаған рухани кездесу болды. Ұстаздың өнегелі жолы шәкірт жүрегінде мәңгі сақталары анық.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз