Жаңалықтар
Әуезов унверситетінің «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы «Атамекен» палатасының ұлттық рейтингінде 1-орынды иеленді
- Қаралды: 17
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 6B08610 – «Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы университетімізде жүзеге асырылып жатқан 173 білім беру бағдарламасының ішінен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2024–2025 оқу жылына арналған ұлттық рейтингінде 1-орынды иеленді.
Бұл «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының ұжымы үшін үлкен жеңіс!
Аталған рейтинг жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын кешенді бағалау негізінде жасалады. Бағалау барысында түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, білім беру бағдарламасының практикалық бағыттылығы, студенттердің оқу жетістіктері, академиялық сапа деңгейі және түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері сияқты маңызды критерийлер ескерілді.
Бұл жоғары нәтиже – кафедра ұжымының жүйелі еңбегінің, профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби біліктілігінің және білім алушыларды сапалы даярлаудың айқын дәлелі.
Кафедра ұжымын айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметтеріңізге толағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз