Халықаралық «Қысқы мектеп - 2026» өз жұмысын бастады

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Тарих және педагогика» факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі», «Жалпы педагогика және психология», «Қазақстан тарихы» және «Жалпы тарих және музей ісі» кафедралары ұйымдастырған Халықаралық «Қысқы мектеп - 2026» өз жұмысын бастады.
Қысқы мектептің ашылуы Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы аясында «Жасанды интеллект дәуірі: тарих, педагогика және психология ғылымдарының өзекті мәселелері» атты қазіргі жоғарғы білім саласындағы маңызды және өзекті тақырыпқа арналды. Бұл студенттер, зерттеушілер, ғалымдар мен мамандар үшін білім беру сапасын арттыру жаңа технологиялық дәуірдің, әсіресе жасанды интеллекттің қарқынды дамуына байланысты терең тәжірибе алмасуға және жасанды интеллект саласындағы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қысқы мектептің ашылу салтанатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Хасенова Лаура Айбековна, «Тарих және педагогика» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы, Түркия мемлекеті Гази университетінің профессоры Южел Генишли, Өзбекстан Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Маманазар Жумаев, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Абдуллаев Абдухаим және басқа да шет елдік ғалымдар, құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қысқы мектептің мақсаты - оқу процесін жақсарту және оқу тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы тарихи сананың, білім беру үдерістерінің және адам психикасының трансформациясын түсіндіру және педагогтар мен психологтардың цифрлық және зерттеушілік құзыреттерін арттыруға мүмкіндік беру.
Қысқы мектеп 2026 жылдың 09-20 ақпан аралығында онлайн форматта өтеді. Бұл формат әлемнің кез-келген жерінде шетелдік, отандық жетекші ғалымдар мен озық зерттеушілерді біріктіріп, қазіргі заман талабына сай ЖИ элементтері бойынша өз пікірлерін білім беру саласында дұрыс қолдана білуге жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос