Жаңалықтар
«Бұл әлемді сәл де болса мейірімді етейік!»
- Қаралды: 34
Адам бойында мейірімділік, адамгершілік, сезімталдық, ізгі ниет болса, ол – тұлға ретінде қалыптасқан адам деген сөз. «Адам» деген ұғымның өзі абыройлы естіледі. Алайда бұл қасиеттерді үнемі дәлелдеп, растап отыру қажет. Бұл ең алдымен өзгелер алдында емес, өз ар-ұжданыңның алдында дәлелденуі тиіс.
Адам әрдайым жақынына көмектесуі керек, өйткені бұл қиын емес. Біз өмір сүріп жатқан әлемде бір-бірімізге көмек көрсетуге әрдайым мүмкіндік бар. Жылы сөз, қолдау, жанашырлық, ізгі іс – игі оқиғалардың, ризашылыққа толы күлкілердің, өзге адамдардың қуанышының бастамасы бола алады.
«Бұл әлемді сәл де болса мейірімді етейік!» деген атаумен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараны Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Техникалық мамандықтарға арналған практикалық орыс тілі» кафедрасының аға оқытушылары Байрханова К.С. және Туребекова Б.А. ұйымдастырды. Іс-шараның өтуіне кәсіпкер Ташкораева С.С. қолдау көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылар арасында ізгі істерді насихаттау, оларды қайырымдылық жасауға шабыттандыру, қоғамды жақсарту жолында біріктіру және барлық қатысушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Қайырымдылық іс-шараға «Архитектура» мамандығы бойынша білім алатын СМ 25-5к3, СМ 25-5к4 топтарының 1-курс студенттері белсене қатысты. Балалармен түрлі ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.
«Бұл әлемді сәл де болса мейірімді етейік!» Себебі әр адам өз орнында жүріп-ақ жақсылық жасай алады. Оқып жүрсің бе, әлде еңбек етіп жүрсің бе – маңызды емес. Жасың 18-де ме, әлде 50-де ме – ол да маңызды емес. Ең бастысы – сен Адамсың, және сен жақсылық жасауға қабілеттісің.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз