Жаңалықтар
Әуезов университетінде Дүниежүзілік сайлау күніне арналған кездесу өтті
- Қаралды: 32
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да Дүниежүзілік сайлау күніне арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара жас және болашақ сайлаушылардың сайлау үдерісіне қызығушылығын арттыруға, олардың электоралдық мәдениетін, яғни сайлау жүйесі туралы білімін арттырып, дауыс беруге жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталды. Кездесуге Шымкент қаласындағы «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері мен белсенді студент-жастар қатысты.
Кездесу барысында Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев Дүниежүзілік сайлау күні аясында қаламызда жыл сайын түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер мен ашық есік күндері ұйымдастырылатынын атап өтті. Сонымен қатар биылғы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық қағидаттарымен үйлестіріліп, заң үстемдігі, тәуелсіздік, ашықтық, инклюзивтілік, кәсібилік және алқалылық принциптеріне негізделгенін жеткізді.
Ал Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Аликулов алдағы конституциялық реформаға қатысты референдумның маңыздылығына тоқталып, азаматтардың сайлау процесіне белсенді қатысуы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз