Жаңалықтар
«Қазақстандағы Президенттік институт: Конституциялық прогрестің жаңа факторлары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- Қаралды: 28
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да «Қазақстандағы Президенттік институт: конституциялық прогрестің жаңа факторлары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Заң» факультеті, «Тарих» және «Қаржы» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы, сарапшылар, жас ғалымдар мен студенттер қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – Қазақстандағы президенттік басқару институтының даму ерекшеліктерін талқылау, конституциялық реформалардың мазмұны мен қоғам өміріндегі маңызын жан-жақты түсіндіру болды. Жиын барысында Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Айсана Сманқызы конституциялық реформалардың ел дамуына ықпалына тоқталып, оның құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлі туралы кеңінен баяндады.
Ал «Тарих» кафедрасының т.ғ.к., доценті Сәрсебай Карибаев Қазақстан Конституциясының қалыптасу кезеңдеріне тарихи тұрғыда талдау жасап, алдыңғы нұсқалары мен ұсынылып отырған жаңа жобаның ерекшеліктерін салыстыра түсіндірді. Спикер жаңа құжаттағы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен адам құндылықтарын қорғау мәселелеріне ерекше тоқталды.
Өз кезегінде «Тарих» кафедрасының т.ғ.к., доценті Уткур Алиев Конституцияның жаңа жобасында отбасы институтының қоғамдағы орны мен маңызының айқын көрініс тапқанын айтып, бұл құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі рөліне назар аударды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, елдің конституциялық дамуы мен құқықтық реформалардың болашағына қатысты ойларын ортаға салды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз