Жаңалықтар
«Қазақстандағы Конституциялық референдум: саяси реформалардың жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- Қаралды: 41
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған «Қазақстандағы конституциялық референдум: саяси реформалардың жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Заң» факультеті, «Тарих және педагогика» факультеті және «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді. Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер белсене қатысты.
Жиын барысында «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы Марат Сейдахметов сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның еліміздің демократиялық дамуы мен жастардың болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Рахметова Гүлшат Рахметовна Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнына кеңінен тоқталып, олардың құқықтық маңызын түсіндірді.
Экономика кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Есиркепова Алтын Махмудовна конституциялық реформалардың әлеуметтік-экономикалық даму үдерістеріне әсері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Уразбаев Құрманғали Мархабатұлы саяси реформалардың тарихи маңызы мен қоғамдағы рөліне назар аударды.
Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, Конституциялық референдумның ел дамуындағы орны мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел студенттердің құқықтық және саяси сауаттылығын арттыруға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды алаң болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз