Жаңалықтар
Білім сапасын арттырудағы жасанды интеллектің мүмкіндіктері талқыланды
- Қаралды: 55
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-да «Білім сапасын және білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін оқу үдерісінде жасанды интеллект қолданудағы тиімді ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды әдістемелік семинар өтті. Ауқымды жиын білім беру саласындағы заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін талқылап, тәжірибе алмасуға бағытталды.
Семинардың ашылуында «Заң» факультетінің деканы Мақсат Елікбай сөз алып, жасанды интеллекттің қоғам дамуындағы рөліне тоқталды. Ол цифрлық трансформация қазіргі таңда мемлекеттік басқарудан бастап білім мен құқық саласына дейін кеңінен енгізіліп жатқанын атап өтіп, еліміздің негізгі құқықтық құжаты – Конституцияның жаңартылған редакциясында да цифрландыру мен жасанды интеллект бағыттарының ерекше мәнге ие болғанын атап өтті.
Іс-шара барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға прокуроры Ботабек Нұрманов прокурорлық қызметті цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстарға жан-жақты тоқталып, құқық қорғау саласында ақпараттық технологиялардың тиімділігі мен артықшылықтарын нақты мысалдар арқылы студенттерге түсіндірді.
Ал Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының Киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Ақмолда кибершабуылдардың криминалистикалық ерекшеліктері жөнінде баяндады.
Семинарда университеттің Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Барно Хамитова білім беру үдерісінде жасанды интеллектті тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталып, жаңа технологиялардың оқыту сапасын арттыруға, білім алушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар, «Заң» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-әдістемелік баяндамалар ұсынып, студенттерге жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізудің заманауи әдістері мен озық тәжірибелерін таныстырды.
Іс-шара соңында барлық спикерлерге алғыс хаттар табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз