Жаңалықтар
Әуезов университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланған кездесу өтті
- Қаралды: 40
М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-да Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Басқосуға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, университет ұжымы және жастармен ашық пікір алмасты.
Жиынды университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев ашып, ұсынылып отырған конституциялық реформаның тек заң нормаларын жаңарту емес, елдің ертеңін айқындайтын стратегиялық мәні бар қадам екенін айрықша атады.
Сәрсен Құранбек конституциялық реформа – мемлекетіміздің орнықты дамуын қамтамасыз ететін берік іргетас екенін атап өтті. Ал, Конституция жобасын талқылау – әрбір азамат үшін, әсіресе елдің ертеңін қалыптастыратын жастар үшін айрықша тарихи әрі жауапты кезең екенін жеткізді.
Сонымен қатар университетіміздің «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Айсана Сманқызы, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Ардақ Монтаев, сондай-ақ «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Болатбек Тлеулов реформаның негізгі бағыттары мен өзгерістерін жан-жақты түсіндіріп, оның мән-маңызын нақты мысалдар арқылы тарқатты.
Сарапшылардың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтіп, құқықтық нормалардың тиімді іске асуына жаңа мүмкіндік береді. Сондай-ақ реформалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Жиын барысында студенттер де өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз