Жаңалықтар
«Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ»
- Қаралды: 41
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Жоғары оқу орны: қауіпсіз аймақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны университеттің «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы мен Аналар кеңесі бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – студент-жастар арасында буллинг, кибербуллинг және сталкингтің алдын алу, жастарды қауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу және құқықтық тұрғыда бағыт-бағдар беру. Іс-шара барысында:
•буллинг, кибербуллинг және сталкингке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы таныстырылды;
•осындай жағдайларға тап болған білім алушыларға психологиялық және құқықтық қолдау жолдары түсіндірілді;
•аталған қауіптердің алдын алу тетіктері талқыланды.
Іс-шараны орталық басшысы Гүлнар Жанысбекова мен Шымкент қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева ашып, бұл бастаманың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін атап өтті.
Ал университет ғалымдары мен докторанттары «Студенттердің буллинг пен сталкингтен қауіпсіздігі», «Буллинг және кибербуллингке қатысты ҚР заңнамасы», «Қазақ отбасындағы туыстық сыйластық дәстүрлері», «Қазақстандағы көпэтностық қоғамдағы толеранттық қарым-қатынас», «Спорт саласындағы буллинг және оның алдын алу» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.
Іс-шара аясында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Олар алдағы уақытта жүйеленіп, университеттің күнделікті тәжірибесіне енгізілетін болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз