2026 жылдың алғашқы Ғылыми кеңесі өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Басқарма Төрағасы – ректор Дархан Ахмед-Закидың төрағалығымен жылдың алғашқы Ғылыми кеңесі болып өтті. Кеңес отырысының алдында Дархан Жұмақанұлы университеттің дамуына үлес қосып жүрген мерейтой иелерін құттықтап, ғылыми атақтары мен дәрежелерін иеленген ғалымдарға аттестаттары мен дипломдарын, сонымен қатар республикалық байқауларда жеңімпаз атанған білім алушыларға дипломдары мен жүлделерін салтанатты түрде табыстады.
Мұнан әрі Ғылыми кеңестің күн тәртібінде университеттің негізгі салаларына байланысты бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша Стратегиялық даму департаментінің директоры С.Ш. Джунусбекова «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КеАҚ-ның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру аясындағы ЖМ/факультеттердің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасында аталмыш құрылымдық бөлімдердің жұмыстарына жан-жақты сараптамалық талдау жасап, нәтижелерін көрсетті. Екінші мәселеде Ғылыми кеңестің 2025-2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы шешімдерінің орындалуы туралы комиссия төрағасы М.К. Жантасов есеп берді. Ал, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Г.И. Елибаева университеттің диссертациялық кеңестерінің 2025 жылғы жұмысы туралы баяндамасында әрбір диссертациялық кеңес жұмысының нәтижесіне талдау жүргізіп, тиімділігі жоғары ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Г.И. Елибаева 2025-2026 оқу жылындағы білім алушылардың докторлық диссертацияларының тақырыптарын бекіту жөніндегі ақпараттық баяндамасын жасады.
Кеңес отырысында университеттің зерттеушілік мәртебесіне сәйкес оның ғылыми бағытындағы құрылымдық бөлімдерін оңтайландыру мәселесі қаралды. Ғылыми жобалар департаментінің директоры Б.Қ. Асилбеков осы бағыттағы құрылымдық бөлімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасау негізінде бірқатар ұсыныстар берді.
Университеттің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға да ерекше назар аударылды. Бұл мәселе бойынша сөз алған Цифрландыру департаменті директорының орынбасары Р.Е. Шырынбеков кеңеске қатысушыларды университеттің құжаттарын цифрландыру жүйесінің әзірленген үлгісімен таныстырып, оның басымдықтары мен тиімділіктері туралы баяндады.
Сонымен қатар Ғылыми кеңестің құрамына өзгеріс енгізу, университет ОПҚ-ның оқулықтары мен оқу құралдарын баспадан шығаруға ұсыну, жаңашыл педагогтардың халықаралық VI Форумын өткізу, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін қайта бекіту және т.с.с. маңызды мәселелер қаралды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос