Жаңалықтар
Жасанды интеллект: Филологияны зерттеу мен оқытудағы әлемдік және ұлттық үрдістер - 4
- Қаралды: 88
2026 жылғы 5–14 қаңтар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Филология» факультеті жанындағы «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы ф.ғ.д., профессор Әлия Елеусізқызы Кулумбетованың жарқын естелігіне арналған «Жасанды интеллект: филологияны зерттеу мен оқытудағы әлемдік және ұлттық үрдістер – 4» атты халықаралық қысқы мектепті өткізді. Қысқы мектептің басты мақсаты – жасанды интеллекттің филологиялық білім беру саласындағы рөлін зерделеу, оны оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын айқындау және тіл мен әдебиетті оқыту теориясы мен әдістемесіндегі заманауи бағыттармен таныстыру болды.
Қысқы мектеп жұмысына серіктес жоғары оқу орындары ретінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Ташкент мемлекеттік заң университеті қатысты.
Қысқы мектеп – академиялық қауымдастық пен студенттер арасында ғылыми білім мен зерттеу әдістерін таратуға бағытталған жыл сайынғы дәстүрлі халықаралық іс-шара. Аталған ғылыми-білім беру жобасын жоғары деңгейде ұйымдастыруға «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қалдықозова Сандуғаш Еркінбекқызы мен кафедраның аға оқытушысы Баймұрзаева Қарлығаш Бексейітқызы елеулі үлес қосты.
Іс-шара аясында Германия, Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарынан келген профессорлар мен сарапшылар баяндама жасап, орыс тілі мен әдебиетін зерттеу және оқыту саласындағы жаңа ғылыми көзқарастарды ұсынды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз