Жаңалықтар
Спартакиада ойындарының үздіктері анықталды
- Қаралды: 75
Әуезов университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелері арасында өткен дәстүрлі қысқы Спартакиада ойындары өз мәресіне жетті. Бүгін тартысты доданың жабылу рәсімі өтті.
Салтанатты шарада университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев пен ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Ақынқожа Жәнібеков сөз сөйлеп, қатысушыларды спартакиаданың сәтті аяқталуымен құттықтады. Олар сайыстың жоғары деңгейде өтіп, спорттық бәсекенің айқын көрінгенін атап өтті. Барлық командаға алғыстарын білдірді.
Биылғы спартакиадаға 14 команда қатысып, спорттың 7 түрі бойынша — волейбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, жүзу, шахмат, гір көтеру және үстел теннисі — өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар «Үздік төреші», «Үздік спортшы әйел», «Спартакиаданы ұйымдастыруға қосқан елеулі үлесі үшін», «Үздік тактикалық команда», «Жоғары спорттық әлеуетке ие команда», «Ең харизмалық команда» сынды арнайы номинациялармен марапатталды.
Әр спорт түрі бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегерлері анықталып, жеңімпаздар алғыс грамоталары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Ал жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша:
І орын кубогын – «Ректорат» командасы,
ІІ орын кубогын – «Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» жоғары мектебі,
ІІІ орын кубогын – «Мәдениет және өнер» факультетінің командасы иеленді.
Спартакиада салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, әр команда арасындағы өзара қолдау мен бірлікті одан әрі бекемдей түсті. Білім берумен қатар спортты серік еткен осындай белсенді қызметкерлер — университет ұжымының үлкен мақтанышы.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз