Жаңалықтар
«Университеттер және тұрақты даму: Тәжірибелер, перспективалар және тиімділік критерийлері» тақырыбында халықаралық онлайн-брифинг өтті
- Қаралды: 85
2026 жылғы 20 қаңтар күні М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Университеттер және тұрақты даму: тәжірибелер, перспективалар және тиімділік критерийлері» тақырыбында халықаралық онлайн-брифинг өтті. Ауқымды іс-шараға АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Португалия, Ирландия, Финляндия, Малайзия, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да 41 мемлекеттен 245-тен астам жетекші сарапшылар қатысты.
Брифингтің негізгі мақсаты — экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) қағидаттарын жоғары білім беру жүйесіне, академиялық зерттеулерге және университеттердің институционалдық басқаруына енгізу бойынша тәжірибе алмасуға арналған халықаралық диалог алаңын қалыптастыру.
Іс-шараның ашылуында М. Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма мүшесі-ректор Дархан Ахмед-Заки құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық брифингтің өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға сәтті әрі мазмұнды жұмыс тіледі. Сондай-ақ Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, университеттің құрметті профессоры Рае Квон Чунг «Жасанды интеллект дәуірі мен климаттық дағдарыс жағдайындағы университет» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, заманауи ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерге назар аударды. Брифинг барысында жетекші ғалымдар мен сарапшылар:
* QS халықаралық рейтингтері контексінде университеттердің тұрақты даму үдерістеріндегі рөлі;
* Жоғары білім беру кеңістігіндегі заманауи жаһандық тенденциялар;
* Тұрақты даму мүддесіндегі білім берудің (Education for Sustainable Development) негізгі қағидаттары және оларды университеттердің білім беру саясатына интеграциялау жолдары;
* Университеттердің тұрақты дамуына әсер ететін экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық (ESG) көрсеткіштердің маңыздылығы сияқты тақырыптар аясында пікір алмасып, ғылыми талқылаулар жүргізді.
Университет оқытушылары да брифингке белсенді қатысып, ғылыми-зерттеу нәтижелерін шет елдік сарапшылармен бірге талқылады. Атап айтқанда: қауымдастырылған профессор Айнұр Есболова «Ауыл шаруашылығындағы тұрақты дамуға арналған үй шаруашылығына негізделген кооперативтік модельдер»; «Биотехнология» кафедрасының х.ғ.к. Ботагөз Муталиева «Жаңа буын биоұрықтандырғыштарына арналған биологиялық агенттерді микроинкапсуляциялау»; PhD доктор Азиза Исса «Суды тазартуға арналған бактерицидтік цеолиттік сүзгілер»; PhD, қауымдастырылған профессор Айнұр Жорабакова «Болашақ шет тілі мұғалімдерін даярлаудағы цифрлық бейімделгіш оқытудың рөлі»; қауымдастырылған профессор Азрет Шингисов пен аға оқытушы Гаухар Мухтарова «Бидай сабағынан биоыдырайтын орауыштарды жасау»
тақырыптарында баяндамалар жасады.
Сонымен қатар халықаралық сарапшылар Auezov университетінің тұрақты даму саласындағы институционалдық тәжірибесіне, шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстарына оң баға беріп, пікірлерін ортаға салды.
Әлем ғалымдарын бір алаңға тоғыстырған бұл халықаралық онлайн-брифинг жоғары білім беру жүйесінде тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге, ESG қағидаттарын білім мен ғылымға жүйелі түрде енгізуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосты, болашаққа бағытталған жаңа ғылыми бастамаларға жол ашты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз