Әуезов университетінің ғалымы «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асыратын ғалымдарды қолдаудың жүйелі шараларының бірі, ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғылыми қызметкерлерді ынталандыру және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау мақсатында өткізілетін «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығының 2025 жылғы қорытындысы жарияланды.
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары білім беру ұйымдарының және түрлі ұйымдардың ғылыми бөлімшелерінің атынан 50 ғалым лауреат атанды.
Үздіктердің қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректорының орынбасары, философия докторы (PhD) Асилбеков Бақытжан Калжанұлы бар.
Бақытжан Қалжанұлын Әуезов университеті ұжымының атынан ғылыми жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы қызметіне шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен тың жаңалықтар тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.