Тимур Тұрсұнқұлұлы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды

Республикалық конкурстық комиссияның отырысында «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері белгілі болды. Байқау нәтижесінде өз саласында озық шыққан ең үздік оқытушылар таңдалды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының доценті, PhD Тимур Тұрсұнқұлұлы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды.
Конкурсқа еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысып, 150 оқытушыға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді. Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер және оқытушылардың өзге де ғылыми нәтижелері сияқты көрсеткіштер бағаланды.
Тимур Тұрсұнқұлұлын Әуезов университетінің ұжымының атынан жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылым мен білім саласында табыстарға жете беруіңізге тілектестігімізді білдіреміз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.