Жаңалықтар
"Қайырымдылық - қайырлы іс"
- Қаралды: 58
«Ақпартық технология және энергетика» ЖМ «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының оқытушылары игі дәстүрді жалғастырып, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Олар «Шымкент қаласы №1 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» арнайы барып, қамқорлыққа мұқтаж жандарға материалдық және қаржылық көмек көрсетті.
Бұл қайырымды қадам – тек көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ қоғамда мейірімділік пен ізгілікті насихаттау, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру жолындағы маңызды үлес.
Кафедра ұжымы мұндай іс-шаралар адамгершілік құндылықтарды дәріптеумен қатар, жастарға үлгі болатынына сенімді. Олар орталық қызметкерлеріне жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, көрсетілген көмектің игілікке жарауын тіледі.
Қайырымдылық – жүректен шыққан шынайы жанашырлық екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз