Жаңалықтар
Малайзиялық ғалым студенттердің стартап жобаларына жоғары баға берді
- Қаралды: 35
Әуезов университетіне Малайзияның Putra Malaysia (UPM) университетінен арнайы жұмыс сапарымен доцент, PhD доктор Хизмауати бинти Мадзин келді. Сапар барысында шетелдік қонақ «Менің алғашқы стартапым» атты бизнес-идеялар байқауының жеңімпаздарымен кездесіп, олардың жобаларымен танысты.
Қонақ назарына ұсынылған жобалардың ішінде «Табиғи қуат – ұлттық дәм» стартапы ерекше әсер қалдырды. Аталған жобаның авторлары – «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің студенттері Дана Сарыпбек пен Мерей Шабданбек. Олар дәстүрлі құрт, жаңғақ және кептірілген жемістер қосылған пайдалы сұлы батончиктерін өндіру идеясымен бас жүлдені иеленіп, 500 000 теңге көлемінде грант ұтып алған болатын.
Доктор Хизмауати стартап иелерінің өнімін арнайы дәм татып көріп, жобаның болашағына жоғары баға берді. Оның пікірінше, бұл – тек отандық емес, халықаралық нарыққа да шығаруға болатын, денсаулыққа пайдалы әрі экологиялық таза өнім.
Студент қыздар өз кезегінде бұл идеяны одан әрі жетілдіріп, өндірістік деңгейге шығару бағытында жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз