1

“Болашақ” халықаралық стипендиясы және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі белгілі болды

«Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының иегерлері анықталды.
Олардың қатарында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың екі бірдей білімді, білікті маманы бар екенін қуана хабарлаймыз!

• Жолшыбек Аян Жарқынұлы — Ректор көмекшісі, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының оқытушысы. Ол АҚШ-тың Небраска университетінде (Линкольн қ.) «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтеді.
• Жумадуллаев Даулет Кошкарович — PhD доктор, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент). Ол Германияның әйгілі Гумбольдт университетінде ғылыми тағылымдамадан өтпек.

Ұжымдастарымыздың жетістігі – университетіміз үшін зор мақтаныш. «Болашақ» стипендиясын жеңіп алған әріптестерімізге сәттілік, ғылыми табыс және жаңа белестер тілейміз!
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.