1

Университетке баламалы энергия көздері саласындағы жетекші ғалымдар жұмыс сапарымен келді

М. Әуезов атындағы ОҚЗУ «Механика және мұнай-газ ісі» факультетіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Хиндустан инженерия және технологиялар колледжінің (Индия) сұйықтар мен газ механикасы, жылу сорғылары және баламалы энергия көздері саласындағы жетекші ғалымдардан құралған делегация жұмыс сапарымен келді. ЖОО арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында делегация мүшелеріне университеттің кадрлық әлеуеті, ғылыми-зерттеу зертханалары және ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары таныстырылды.
Университеттің Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректордың м.у.а. Б.Асылбеков пен «Механика және мұнай-газ ісі» факультетінің деканы Ө.Байысбай делегация мүшелері профессорлар Моханрадж Муругесан, Ержан Беляев және Аманкелді Төлеухановты құрметпен қарсы алды. Кездесу барысында ғылыми ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және болашақ бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Факультеттің оқытушы-профессорлық құрамы, докторанттар мен магистранттарға гранттық қаржыландыруға арналған жобаларды дайындау, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру конкурстарына қатысу және жоғары импакт-факторы бар журналдарда ғылыми жарияланымдар белсенділігін көтеру бойынша қонақ дәріс өткізілді. Сондай-ақ, университеттің техникалық мамандықтар бойынша зерттеу лабораторияларына экскурсия ұйымдастырылып, профессорлар заманауи жабдықтармен, тәжірибелік стендтер мен зерттеу процесіндегі инновациялық әдістермен танысты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.