Жаңалықтар
Жеңіс құтты болсын! Тасним Абдуали – алтын медаль иегері
- Қаралды: 46
Семей қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл байрақты бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен келген 507 дзюдошы қатысты.
Аталған додаға М. Әуезов атындағы ОҚЗУ «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің СМ-23-5к2 тобының студенті Тасним Абдуали қатысты. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен спортшымыз мықтылығын дәлелдеп, қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды.
Жеңімпазымызды Әуезов университеті ұжымының атынан жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Университетіміздің мерейі өсірген Таснимге алдағы жарыстарда да сәттілік пен биік белестер тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз