Жаңалықтар
Әлеуметтік-еңбек құқықтық қатынастарының трансформациясы: Халықаралық ғылыми пікір алмасу өтті
- Қаралды: 39
2025 жылдың, 18 желтоқсанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Азаматтық құқық және азаматтық процесс» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің қабылданғанына 10 жыл толуына арналған «Қоғамды цифрландыру жағдайындағы әлеуметтік-еңбек құқықтық қатынастарының трансформациясы: теория мен практиканың мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ғалымдар мен практик-мамандарды өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға тарту, тәжірибе мен идеялар алмасу, Қазақстан Республикасының еңбек құқығындағы заманауи мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін іздестіру, сондай-ақ қоғамды цифрландыру жағдайындағы әлеуметтік-еңбек құқықтық қатынастарының трансформациялану үрдістері мен перспективаларын қарастыру болды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел жұмысына университет ғалымдары, Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері, Түркия Республикасы, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің ғалымдары, сондай-ақ практикалық қызмет саласының мамандары қатысты.
Дөңгелек үстелдің жұмысын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Еликбай М.А. ашты.
Пікірталасқа М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Азаматтық құқық және азаматтық процесс» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Рахметова Г.Р., аталған университеттің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Орынтаев Ж.К., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің доценті, PhD докторы Рыскалиев Д.У., Түркия Республикасының Коджаэли университеті Әлеуметтік ғылымдар институтының заң факультетінің PhD докторы Abdelrahman Q. S. Yaeesh, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті деканының ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD докторы Ибраев Ж.Г., Ташкент мемлекеттік заң университетінің «Еңбек құқығы» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Исмоилов Ш.А., Ташкент мемлекеттік заң университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Бурханходжаева Х.В., Тәжікстан Халықаралық туризм және кәсіпкерлік университетінің доценті, заң ғылымдарының докторы Меликов У.А., осы университеттің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Нодиров Ф.М., Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті РММ басшысының орынбасары Алиманов С.Б., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мусабеков К.А., Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ заңгері Сартаева Ш.Ш., PhD докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің аға оқытушысы Аллаярова Н.И., сондай-ақ осы университеттің аға оқытушысы Есенбекова П.Т.қатысты.
Дөңгелек үстел аясында қоғамды цифрландыру жағдайындағы әлеуметтік-еңбек құқықтық қатынастарының трансформациялану үрдістері мен даму перспективаларын талқылау барысында пікірлермен, ғылыми көзқарастармен және практикалық тәжірибемен белсенді алмасу жүзеге асырылды.



