1

Әуезов университетінің Аналар кеңесі өңірлік форумға қатысты

Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен «Ысырапшылдық – қоғамның дәйекті дамуына кедергі» тақырыбында өңірлік форум ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы мен Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарынан Аналар кеңесінің төрайымдары, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың мүшелері қатысты.
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Аналар кеңесінің төрағасы Г. Жанысбекованың ұйымдастыруымен форумға университеттің бірқатар ғалымдары белсене атсалысты. «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.Д. Тұрымбетова «Энергияны үнемдеу: тұрақты болашаққа апарар жол, ал «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті, т.ғ.к. П.С. Сұлтанбекова «Оңтүстік өңірінің су тапшылығының мәселелері» атты баяндама жасап, су ресурстарының сарқылуы мен оны үнемдеудің өзекті мәселелерін қозғады.
Форумның мақсаты – қоғамда үнемшілдік мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, рухани құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылау болды.
Форум соңында қатысушылар ысырапшылдықтың зияны мен үнемшілдіктің маңыздылығына тоқталып, арнайы үндеу жариялады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.