Жаңалықтар
Педагогтік қайта даярлау курстарының тыңдаушылары емтихандарын сәтті тапсырды
- Қаралды: 10
Биылғы оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Педагогтік қайта даярлау курстарына 43 тыңдаушы 11 білім беру траекториясы бойынша оқуға қабылданған болатын. Курстың оқу жоспарына сай тыңдаушылар аталған дәрістер бойынша кезекті емтихандарын сәтті тапсырды.
Тыңдаушылар «Педагогикалық және кәсіби құзыреттілік» модулінен дәріс тыңдап, теориялық және практикалық дағдыларын шыңдады. Дәрісті жүргізген – «Киберпедагогика» бойынша «Математика» кафедрасының PhD, аға оқытушы Мүсірепова Элмира Беркінбайқызы және «Жас ерекшеліктер физиологиясы» бойынша «Биология және география» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Арыстанова Салтанат Дауытбекова.
Атап өтейік, аталған курс педагогикалық емес кәсіптік білімі бар, алғаш рет тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне кірісетін тұлғаларға арналған. Курстың білім беру бағдарламасы қазіргі заманғы педагогикалық, коммуникативтік, цифрлық құзыреттіліктер мен инклюзивті білім беруге негізделген.
Қазіргі таңда тыңдаушылар Шымкент қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз